• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
announcement

Педагогика және психология кафедрасы 19 мамыр күні өтетін облыстық семинарға шақырады!

SHAKARIM UNIVERSITY 2023 жылдың 19 мамырында бастауыш сынып педагогтарын, мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтары мен әдіскерлерін, жас педагог-практиктерді, педагог-психологтарды «Мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығы» атты облыстық семинарына шақырады. 

Семинардың мақсаты–педагогтардың кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру тұрғысынан мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығын қалыптастыру және дамытуға назар аудару құралы ретінде оқыту, тәрбиелеу идеяларының ынтымақтастығы. 

Семинардың міндеттері: 

1. Мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығын іске асырудағы мәселелер және оны шешу жолдарын талқылау; 

2. Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру педагогтарының инклюзивті және инновациялық белсенділігін дамыту; 

3. Жас педагог-практиктердің hard және soft skills дамуына жәрдемдесу. 

Семинар аясында келесі секциялар бойынша талқылау жоспарлануда: 

1 - Секция – «Маңызды әңгімелер»: мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығын қамтамасыз ету шарттары және механизмдері» 

2 - Секция - «Креативтілік шеберханасы» 

3 – Секция –«Бір-бірімен кездесу»: мектепке дейінгі ұйым және бастауыш мектеп психологтары» 

4 - Секция - «Мектепке дейінгі және бастауыш мектепте инклюзивті білім беруді іске асыру технологиялары» 

5 - Секция - «Workshop жас педагог-практиктерге» 

Өтетін күні: 19 мамыр 2023 жыл. Тіркелуі: 13.00; Басталуы: 14.00 Өтетін орны: Семей қ., «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ, Глинки к-сі, 20 а. 

Семинардың жұмыс тілдері: қазақ, орыс. Семинарға қатысу үшін 2023 жылы 12 мамырға дейін өтінімді электронды түрде жіберу қажет (форма 1). E-mail: pedagogyandpsychology23@mail.ru 

Семинарға қатысушыларға сертификаттар беріледі. Семинарға қатысуға байланысты барлық шығындар (жол жүру, тамақтану т.б.) қатысушылар немесе оларды іс-сапарға жіберетін мекемелер тарапынан жүзеге асырылады.