Педагогика және психология кафедрасында әдістемелік семинар жоспарына сәйкес 30 қазан күні кафедра оқытушыларына семинар ұйымдастырылды.
Педагогика және психология кафедрасында әдістемелік семинар жоспарына сәйкес 30 қазан күні кафедра оқытушыларына семинар ұйымдастырылды. Семинарда оқытушылар өздерінің тәжірибелерімен алмасты. Аға оқытушы Р.Ж. Мухметова студенттердің білімді меңгеру белсенділігін арттыру мақсатында сабақты бекіту және қорытындылау үшін қолданылатын «4 есік» интелектуалды ойыны мен «Қиылысқан сауалнама» белсенді оқыту стратегияларымен таныстырды. Аға оқытушы А.М. Салқынбаева «Пропп карта» әдісімен таныстырды. Мектепке дейінгі білім беру мекемесі жағдайында 4-7 жастағы балалардың сөйлеуін және шығармашылық қиялын дамыту мақсатында ертегінің көрнекі әдісін Пропп карталары әдісі қолданылады. Аға оқытушы, п.ғ.к., Н.А. Кулмышева «ВЕЕР» әдісін қолдану ерекшелігіне тоқталды, қағазды веер пішінінде бүктеп, студенттер бір бөлігіне өткен сабаққа қатысты сұрақтарға жауап жазады, екінші сұраққа веердің екінші бөлігіне қысқаша жауап жазады. Осылай өткен тақырып бойынша сұрақтар қойылып веердің бөліктері толтырылады. Студенттердің жауап берулеріне қарай бір-бірлерін толықтырып отырады. Әдістемелік семинар барысында педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы, PhD Жилгильдинова м. ж.ПОҚ-ны Wordwall оқу интерактивті ресурсының жұмыс ерекшеліктерімен таныстырды. Wordwall-білім беру процесінің басты міндеттерінің бірі-білім алушылардың ынтасын арттыруға көмектесетін әмбебап оқу ресурсы. Әдістемелік семинар өте қызықты және тиімді болды, оқытушылардың білім әдістері «қоржыны» бірнеше әдістермен толықты.