![news](https://gse.faculty.shakarim.kz/storage/uploads/news/5bLRPWo35imU6T4jIjh9xE93bK4sskO53q0VmYUP.jpg)
Ғылыми семинар
2023-11-02 | Ғылым
2023 жылдың 2 қарашасында «Музыка және өнер» кафедрасында 7М01402 – «Музыкалық білім» білім беру бағдарламасының гуманитарлық-экономикалық факультетінің 2 курс магистранты Кусекенова Меруерттің магистрлік диссертация тақырыбына семинары өтті. «Жалпы білім беретін мектептегі оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігін арттыру құралы ретінде болашақ музыка пәні мұғалімдерінің қиял-ғажайып ойлауын қалыптастыру» ғылыми жетекшісі Ахметова Төлеш Шұғайқызы. Семинар ғылыми жетекші, қосалқы директор және кафедра меңгерушісі Берікбол Р.Р. қатысуымен конструктивті және қызықты түрде өтті.