• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

“Ерте балалық шақта тәрбие мен білім беруге ұмтылу” атты Х республикалық конференция

2023-11-15 | Жаңалықтар

15 қараша күні “Step by step” қоғамдық қорының ұйымдастыруымен “Ерте балалық шақта тәрбие мен білім беруге ұмтылу” атты Х республикалық конференциясы Абай облысы, Семей қаласында ұйымдастырылды. Бұл конференцияға Абай облысының білім басқармасының бас маманы мен әдіскері, қалалық балабақшаның меңгерушілері мен әдіскерлері, педагогтар мен жас мамандар қатысты. Сонымен қатар Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің, педагогика және психология кафедрасының оқытушысы Салкынбаева Ардак Мейрамбековна және ДО 101 с тобының білім алушылары қатысып қайтты. “Step by step» қоғамдық қоры мен “педагог” мектепке дейінгі әдістемелік орталығының жаңа технологиямен инновациялық әдістемелік қолдау жобалары мен ерте балалық шақта сапалы тәрбие мен білім беруге ұмтылудың жаңа модельдері айтылды. ‎

Бөлісу