кәсіптік бағдарлау жұмысы бөлімі және қабылдау комиссиясы гуманитарлық-экономикалық факультеттің педагогика және психология кафедрасымен бірлесіп ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырды
2022-10-15 | Жаңалықтар
Кәсіптік бағдар беру және қабылдау комиссиясы бөлімі гуманитарлық-экономикалық факультетінің «Педагогика және психология» кафедрасымен бірлесіп «Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмыстарын ұйымдастырудың әдіснамасы» атты ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырды. Конференцияда Беленко О.Г. «Специалист профориентолог: личностные и профессиональные аспекты развития» атты баяндамасын ұсынды, баяндамада білім беру жүйесіндегі кәсіптік бағдар беруші жұмысын ұйымдастырудың теориялық-әдістемелік бағыттары қарастырылған. Кафедра оқытушылары Абішева Ш.Ш., Турсунгожинова Г.С., Куребаева Г.А., Мұхаметжанова А.Д. конференцияға қатысушылармен практикалық құзіреттілікті игеруге бағытталған тренинг сабақтарын өткізді.