Педагогика және психология кафедрасы оқытушыларының ұйымдастыруымен халықтың психологиялық ахуалын қамтамасыздандыру және олардың бейімделу мүмкіндіктерін жетілдіру арқылы
27.10.2023 ж. Педагогика және психология кафедрасы оқытушыларының ұйымдастыруымен халықтың психологиялық ахуалын қамтамасыздандыру және олардың бейімделу мүмкіндіктерін жетілдіру арқылы
қоғамдық-әлеуметтік үрдістің қолайлы жағдайларын қолдау мақсатында «Халықтың психологиялық ахуалын қамтамасыздандыру» атты облыстық дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге білім беру ұйымдарының педагог-психологтары, жас педагог-практитері қатысты. Дөңгелек үстел аясында келесідей мамандар өздерінің тәжірибелерімен бөлісіп, ой-пікір алмасты: ⚜️"Абай облысының білім басқармасы" ММ "Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы" КММ білім беру процесін әдістемелік сүйемелдеу бөлімінің әдіскері Рахимжанова Галия Махсутовна: "Мобильді көмек қызметі жобасының іске асырылуы"; ⚜️ АБАЙ ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ОБЛЫСТЫҚ ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ҚКМК психологы Сулейменова Айсулу Нурлановна: «Психическое здоровье в современном мире»; ⚜️Абай облысының “Асыл Мирас” аутизм орталығының директоры Алимжанова Арайлым Магашевна: «Инклюзивное образование детей с аутизмом»;
⚜️ Абай Аяулым Қуанышқызы - Семей қ. «№19 ЖОББМ» КММ педагог-психологы: «Мектептегі инклюзивті білім берудің психологиялық ерекшеліктері». Дөңгелек үстел соңында кері байланыс жасалып, қатысушыларға алғыс хаттар мен сертификаттар табысталды.