«Сенің Сәтің» атты Республикалық Студенттер форумы
2023 жылдың 03-04 наурызынан аралығында Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің қатысуымен "Сенің сәтің" Республикалық студенттік форумы өтті.
Осы форумға «Тарихшылар керуенінің» белсенді көшбасшылары, 6В01601- Тарих мамандығының студенттері Мерей Сырымұлы мен Султан Бейбарыс Нуртөлеуов қатысты.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі қолдау көрсеткен форумға басқа облыстан арнайы шақыртылған жоғары оқу орындарының студенттері, профессор – оқытушылар құрамы мен БАҚ өкілдері қатысты. Форумның мақсаты – еліміздегі жастардың ынтымағын арттырып, олардың бойында ұлттық құндылықтар мен жаңаша ойлау дағдыларын қалыптастырып, университет жастары арасында достық қарым-қатынас орнату.