Даярлау бойынша білім беру үрдісінің аяқталуының негізгі критерийі бакалавр білім алушылардың теориялық оқытудың кемінде 205 кредитін, сондай-ақ практиканың кемінде 27 кредитін игеруі, 8 кредит қорытынды аттестаттау болып табылады. Барлығы 240 кредит.
4 жыл.
-
Берілетін дәреже / біліктілік«6B01701 Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры
-
Кәсіп атауы / маманның қызметінің тізімі-Білім беру (педагогикалық) -қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі: -қазақ тілді, сонымен қатар қазақ тілді емес өзге тілді жалпы білім беретін орта мектептерде ; - лицей, гимназияларда; - техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында. - мектепте факультативтік сабақ ұйымдастырушы. - ғылыми-зерттеуші (ғылыми-зерттеу мекемелерінде кіші ғылыми қызметкер); - әдеби-шығармашылық бағыттағы (әдеби, мәдени мекемелерде, баспа орындарында) әдеби кеңесші; - БАҚ мекемелерінде әдеби қызметкер, корректор, редактор; - ұйымдастырушы-басқарушы (орта мектептерде, гимназиялар мен лицей, колледждерде мамандығына тікелей қатысы бар мекемелерде); - өндірістік-басқарушылық (мемлекеттік органдарда, түрлі кәсіпорын, өндіріс орындарында іс-қағаздары мен құжаттау бөлімдерінде) қызмет; - орта мектептерде, гимназиялар мен лицей, колледждерде, білім бөлімдерінде, яғни мамандығына тікелей қатысы бар мекемелерде әдіскер; - аударма саласында (мемлекеттік органдарда, түрлі кәсіпорын, өндіріс орындарында, білім беру, мәдениет, басқару мекемелерінде, БАҚ-та, мәдениетаралық қатынас саласында және әлеуметтік-гуманитарлық қызметтің басқа да салаларында)аудармашы. - білім беру, мәдениет, басқару мекемелерінде, БАҚ-та, мәдениетаралық қатынас саласында және әлеуметтік-гуманитарлық қызметтің басқа да салаларында ісқағаз жүргізушісі;
-
СБШ (салалық біліктілік шеңбері) бойынша біліктілік деңгейі6 (деңгейі 6.1; 6.2; 6.3; 6.4 )
-
Кәсіби қызмет саласыБакалаврдың кәсіби қызметінің саласы еңбек нарығының сұранысына сәйкес анықталады: ▪ білім беру; ▪ ғылым; ▪ білім беру саласындағы әкімшілік қызметтер (орта және арнаулы орта, жоғары оқу орындары); ▪ әлеуметтік-гуманитарлық қызметтердің басқа да салалары (мәдениаралық қатынас); құжаттар тілін жүргізу; аударма; БАҚ; мәдениет; өнер
-
Кәсіби қызмет нысаны жалпы білім беру және бейіндік мектептер орта (гимназиялар, лицейлер) және арнаулы орта (колледждер, техникумдар) оқу орындары; ғылыми-зерттеу мекемелері; баспа ісінің қызметкері бастауыш мектептер; мамандандырылған мектептер; БАҚ; мәдениет саласының нысандары; мамандықтың профилімен сәйкес келетін басқа да нысандар.
-
Кәсіби қызмет түрлеріқазақ тілі мен әдебиеті- білім беру бағдарламасының бітіруші түлегі төмендегідей кәсіби қызмет түрлерін атқара алады: 1) оқыту; 2) тәрбиелеу; 3) әдістемелік; 4) зерттеушілік; 5) әлеуметтік-коммуникативтік; 6) баспа ісі; 7) аударма 8) іс қағаздарын жүргізуші; 9) ұйымдастыру-басқару. – қазақ тілі мен әдебиетін оқыту; – білім беру мекемелерінде тәлімгерлік қызметтер; – білім беру мекемелерінде әдіскерлік қызмет; – баспа өнімін әзірлеу, түзету, редакциялау; – лингвистика, әдебиеттану, фольклористика және текстология салаларында зерттеулер жүргізу; – мәдени-ағартушылық жұмыстар жүргізу; – ауызша және жазбаша аудармаларды жүзеге асыру; – білім беру, мәдениет, басқару мекемелерінде, БАҚ-та, мәдениетаралық қатынас саласында және әлеуметтік-гуманитарлық қызметтік басқа да салаларында филологиялық білімді қажет ететін кәсіптік қызметтерді жүзеге асыру. – ресми-іскерлік құжаттарды дайындау; –білім беру мекемелерінде оқу-әдістемелік үрдісті ұйымдастыру-басқарушылықәрекеттерді жүзеге асыру;
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Әлеуметтік-мәдени, экономикалық, құқықтық және экологиялық аспектілер бойынша білім мен дағдыларды игереді, коммуникативті дағдыларды дамытады, қоғам дамуының заманауи тенденциялары жағдайында ақпараттық технологияларды қолданады.
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Білім алушылар оқушылардың жеке, физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерін біледі, оқыту мен критериалды бағалаудың қазіргі заманғы технологияларын іс-тәжірибеде қолдана алады.
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Білім алушылар «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша маманданып, мұғалімдікті табысты меңгеру үшін қажетті базалық білім мен дағдыларды қалыптастырады, сыни және аналитикалық ойлау қабілеттерін дамытады.
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Білім алушылар қазақ тіл білімінің теориялық негіздерімен, аспектілерімен танысып, сыни ойлау мен лингвистикалық құбылыстарды талдау қабілеттерін дамытады. Кешенді тілдік талдау жасап, білімдерін іс жүзінде қолдана алады.
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Білім алушылар әртүрлі дәуірлердің көркемдік құбылыстарын түсінеді. Жалпы адамзаттық құндылықтарды айқындай отырып, түрлі жанрлардағы көркем шығармалардың құрылымын талдауды меңгереді.
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Білім алушылар қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндерінің мұғаліміне қажетті педагогикалық- әдістемелік білім беру мен оларды тиімді қолдана алу жолдарын меңгереді. Білім беру беру саласында табысты кәсіби қызмет етуі үшін қажетті педагогикалық құзыреттіліктерді дамы тады.
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Білім алушылар қазақ тілі мен әдебиетінің ғылыми-теориялық тұжырымдарын біледі, өз бетімен танымдық бағытта ойлау қабілеттерін жетілдіріп, тілдік, әдеби-теориялық талдау жасай алады.