Білім беру бағдарламалары
6B01707 - Қазақ тілі мен әдебиеті (IP)
B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламаларының тобы 6B01 Педагогикалық ғылымдар білім беру саласына кіреді.

Кіріспе
6В01707 «Қазақ тілі мен әдебиеті» (IP) білім беру бағдарламасы Шәкәрім университетінің филология жоғары мектебі, қазақ филологиясы және журналистика кафедрасы оқытушылары, жұмыс беруші тарапынан Семей қаласының «№30 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ және «№4 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ директорлары және «Қазақ тілі мен әдебиеті» ББ 3 курс студенттерінің қатысуымен әзірленді. 6В01707 «Қазақ тілі мен әдебиеті» (IP) білім беру бағдарламасы қазақ және орыс тілдерінде оқытатын барлық мектеп түрлері үшін ортақ болып табылады және бірыңғай деңгейдегі «Қазақ тілі және әдебиет» пәні бойынша пән мұғалімін дайындауға арналған. Білім беру бағдарламасы педагогикалық және әдістемелік құзыреттілік арқылы ғылымның барлық салалаларында әдеби, ғылыми, ресми, іскерлік, саяси, заң және экономикалық тілдерді меңгеру арқылы пән мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін дамытуға бағдарланған. Заманауи қазақстандық қоғамның қажеттіліктеріне (қазақ-орыс қос тілділік) сәйкес қазақ және орыс тілді мектептерде және барлық типтегі жалпы білім беретін ұйымдарда қазақ тілі мен әдебиетті оқытатын болашақ мұғалімдерді даярлайды. Тілді үйренудің соңғы инновациялық халықаралық тәжірибелеріне сәйкес тіл иелері мен басқаларға қазақ тілін үйрету әдістемесінің негізінде әзірленген.
Даярлау бойынша білім беру үрдісінің аяқталуының негізгі критерийі бакалавр білім алушылардың теориялық оқытудың кемінде 205 кредитін, сондай-ақ практиканың кемінде 27 кредитін игеруі, 8 кредит қорытынды аттестаттау болып табылады. Барлығы 240 кредит.
4 жыл
Мақсаты
Қазақ тілінде оқытпайтын барлық типтегі және түрдегі орта білім беру ұйымдарында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі ретінде кәсіби қызметті жүзеге асыруға қабілетті жоғары білікті маман-педагог даярлау.
Түлектің біліктілік сипаттамасы
  • Берілетін дәреже / біліктілік
    6В01707 «Қазақ тілі мен әдебиеті» (IP) білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры
  • Кәсіп атауы / маманның қызметінің тізімі
    - қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі; - ғылыми-зерттеу мекемелерінде кіші ғылыми қызметкер; - әдеби кеңесші; - мемлекеттік іс қағаздар жүргізуші.
  • СБШ (салалық біліктілік шеңбері) бойынша біліктілік деңгейі
    6 (деңгейі 6.1; 6.2; 6.3; 6.4 )
  • Кәсіби қызмет саласы
    • білім беру саласында: - жалпы білім беретін орта мектептерде, лицей, гимназияларда, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында сабақ беру, жаңартылған білім мазмұнына сай әдістемелік білімі мен қолданбалы біліктілігінің болуы; • эксперименттік-зерттеу қызмет саласында: - ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді оқып-білуі; - қазақ тілі мен әдебиеті бойынша білім беру саласындағы озық педагогикалық тәжірбиелерді зерделеу және қорытуы; - педагогикалық эксперимент өткізу, оның нәтижелерін оқу процесіне енгізу; • ұйымдастыру-басқару қызметі саласында: - қазақ тілі мен әдебиеті бойынша білім беру мазмұнын әртүрлі деңгейде жоспарлауы; - оқыту процесін ұйымдастыру және жүзеге асыру әдістерін анықтауы; • әлеуметтік-педагогикалық қызмет саласында: - көпмәдениетті тұлға қалыптастыруы; • оқу-тәрбиелік қызмет саласында: - оқу-тәрбие жұмыстарын педагогикалық процестің заңдарына, заңдылықтары мен принциптеріне, тәрбиелік механизмдерге сәйкес іске асырылуы; - сыныптан тыс тәрбие жұмысын жоспарлауы; - нақты тәрбиелік міндеттерді шешуі; - қазақ тілі мен әдебиеті бойынша сыныптан тыс жұмыстарда оқыту мен тәрбиенің әртүрлі формалары мен әдістерін таңдау және қолдану; - оқушылар ұжымымен, осы сыныпта сабақ беретін мұғалімдермен, ата-аналармен байланыс орнатуы; - оқу-технологиялық қызмет саласында: оқыту процесінде жаңа педагогикалық технологияларды қолдану.
  • Кәсіби қызмет нысаны
    - мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу ұйымдары; - бастауыш, негізгі және бейіндік мектептер; - мамандандырылған мектептер; - әдеби, мәдени мекемелер, баспа орындары; - мемлекеттік органдар, түрлі кәсіпорын, өндіріс орындарындағы іс-қағаздары мен құжаттау бөлімдері; - техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары.
  • Кәсіби қызмет түрлері
    - білім беру (педагогикалық) - ғылыми-зерттеу; - әдеби-шығармашылық; - ұйымдастыру-басқару; - өндірістік-басқарушылық.
Құзыреттіліктерді дамытуға арналған оқыту модульдерінің картасы
1 модуль. Қоғамдық және гуманитарлық білім негіздері

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

Әлеуметтік-мәдени, экономикалық, құқықтық және экологиялық аспектілер бойынша білім мен дағдыларды игереді, коммуникативті дағдыларды дамытады, қоғам дамуының заманауи тенденциялары жағдайында ақпараттық технологияларды қолданады.

2 модуль. Болашақ мұғалімдерді тұлға ретінде қолдау

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

Білім алушылар дара қажеттіліктерін және оқытудағы дара айырмашылықтарды түсінуге көмектесетін психологиялық теориялар, тұжырымдар мен үлгілерді түсінеді, психологиялық қауіпсіз білім беру ортасын құру және қолдау арқылы білім алушылардың амандығын арттыру маңыздылығын біледі.

3 модуль. Қазіргі қазақ әдеби тілі: теориялық негіздері

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

Қазақ тілі заңдылықтарын, теориялық негіздерін (лексикалық, фонетикалық, сөзжасамдық, морфологиялық, синтаксистік) біледі, лингвистикалық терминология жүйесін, әрбір тіл білімі саласының теориялық негіздерінің мектепте оқыту жүйесін меңгереді.

4 модуль. Әдебиет теориясы мен тарихы модулі/Әдебиеттану модулі

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

Қазақ әдебиеті тарихының даму және қалыптасу кезеңдері, қазақ әдебиеті теориясының бағыттары мен концепциясы туралы терең білім, әлем әдебиеті дамуының заңдылықтарын меңгереді, мектепте әдебиеттік білім бойынша оқыту жүйесінің негіздерін үйренеді.

5 модуль. Пәнаралық және тіл мәдениеті модулі/Тілдік қарым-қатынас модулі

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

Болашақ мұғалім қазақ әдеби тілінің заңдылығын, ережесін (орфоэпиялық, грамматикалық, стилистикалық, функционалдық) сауатты қолдану дағдысын меңгереді, қазақ және орыс тілдерінің грамматикасын салғастыру арқылы әр тілдің грамматикалық ерекшеліктерін игереді.

6 модуль. Әдістемелік мамандану модулі/Оқыту әдістемесі мен технологиясы

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

Болашақ мұғалімдер қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін қазақ тілді және орыс тілді аудиторияда оқытуға бейімдеп, қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың технологияларын меңгереді.

7 модуль.Кәсіби мамандану модулі/Біліктілік модулі

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

Болашақ мұғалімдердің кәсіби әдістемелік және жаңаша оқыту жұмысына негізделген құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағытталады.