Білім беру бағдарламалары
6B01705 - Шетел тілі: екі шетел тілі
B018 Шет тілі мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламаларының тобы 6B01 Педагогикалық ғылымдар білім беру саласына кіреді.

Кіріспе
2022 жыл - 24 орын 2023 жыл - 23 орын «Шәкәрім университеті» КеАҚ, шет тілдер кафедрасы, филология факультеті 6В01705 "Шетел тілі: екі шетел тілі"білім беру бағдарламасын жүзеге асырады. 6В01705 "Шетел тілі: екі шетел тілі" білім беру бағдарламасының түлегі педагогикалық, эксперименталдық, зерттеу, ұйымдастыру, әкімшілік, әлеуметтік және педагогикалық, білім беру және технологиялық қызметті жүргізу үшін қажетті дағдылары мен біліктеріне ие. Университетте 6В01705 «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасы келесі бағыттарда жүзеге асырылады: - білім беру (педагогикалық): студенттердің басқа тілдік құзыреттілігін қалыптастыру үшін халықаралық стандарт деңгейін есепке ала отырып екі шетел тілінің мұғалімі ретінде; - эксперименталды-зерттеушілік: ғылыми-әдістемелік әдебиеттермен танысу, басқа тілдердің озық тәжірибесімен танысу, оны жинақтау және оның нәтижелерін оқу процесіне енгізумен эксперимент жүргізу; - ұйымдастырушылық-әкімшілік: барлық деңгейлерде әртүрлі тілдерді оқытудың мазмұнын жоспарлау; білім беру процесін ұйымдастыру және өткізу тәсілдерін анықтау; тілдік құзыреттілікті сақтау сапасын басқару және бақылау; - әлеуметтік-педагогикалық: дамыған болашағы бар және ойлау қабілеті бар мультимәдени адамды қалыптастыру; - білім беру-технологиялық: ақпараттық сауаттылық; оқу үрдісінде заманауи технологияларды (соның ішінде шетел тілдерін мультимедиялық оқыту) зерделеу және пайдалану. Білім беру бағдарламасының бірегейлігі студенттерге "Бакалавриат 2+2" қос дипломды білім беру бағдарламасы бойынша және Корей Джионсанг ұлттық университеті,Яна Амос Каменский атындағы мемлекеттік жоғары кәсіби мектеп сияқты шетелдік жоғары оқу орындарында академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқуға мүмкіндік береді.
Даярлау бойынша білім беру үрдісінің аяқталуының негізгі критерийі бакалавр білім алушылардың теориялық оқытудың кемінде 205 кредитін, сондай-ақ практиканың кемінде 27 кредитін игеруі, 8 кредит қорытынды аттестаттау болып табылады. Барлығы 240 кредит.
4 жыл.
Мақсаты
Білім беру саласында жоғары білікті, бәсекеге қабілетті, өз кәсіби қызметі саласында міндеттерді өз бетінше қоюға және шешуге қабілетті және дайын, қарқынды дамып келе жатқан көптілді және көпмәдениетті әлем жағдайларына барабар ден қоя отырып, екі шет тілінің мұғалімін қалыптастыру.
Түлектің біліктілік сипаттамасы
  • Берілетін дәреже / біліктілік
    «6В01705 – Шет тілі: екі шет тілі» білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры
  • Кәсіп атауы / маманның қызметінің тізімі
    - орта негізгі мектептің екі шет тілі мұғалімі: - ағылшын және неміс тілдерінің мұғалімі; - ағылшын және қытай тілдерінің мұғалімі; - ағылшын және түрік тілдерінің мұғалімі - мамандандырылған мектеп (шет тілдерін тереңдетіп оқытатын және бірқатар пәндерді шет тілінде оқытатын мектептер); - орта техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының екі шет тілінің мұғалімі.
  • СБШ (салалық біліктілік шеңбері) бойынша біліктілік деңгейі
    6 (кіші деңгейлер 6.1; 6.2; 6.3; 6.4 )
  • Кәсіби қызмет саласы
    6В01705 «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры білім беру саласында өз кәсіби қызметін жүзеге асырады: - білім беру; - эксперименттік-зерттеу; - ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет; - әлеуметтік-педагогикалық; - оқу-тәрбие; - оқу-технологиялық.
  • Кәсіби қызмет нысаны
    - мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу ұйымдары; - бастауыш, негізгі және бейіндік мектеп; - мамандандырылған мектеп; - техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары (колледж).
  • Кәсіби қызмет түрлері
    6В01705 «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасы түлектерінің кәсіби қызмет түрлері: түлектер келесі кәсіби қызмет түрлерін орындай алады: - білім беру (педагогикалық): білім алушылардың шет тілді құзыреттілігін қалыптастыруға халықаралық-стандартты деңгейлік талаптарды ескере отырып, екі шет тілі мұғалімінің функцияларын орындау; - эксперименталды-зерттеушілік: ғылыми-әдістемелік әдебиетті оқу, шет тілді білім берудің озық тәжірибесімен танысу, оны жинақтау, оқу процесіне олардың нәтижелерін енгізумен эксперименттер жүргізу; - ұйымдастыру-басқару: әртүрлі деңгейлерде шет тілді білім берудің мазмұнын жоспарлау; Оқу-білім беру үдерісін ұйымдастыру және өткізу тәсілдерін анықтау; шет тілдік құзыреттіліктердің қалыптасу сапасының менеджменті және мониторингі; - әлеуметтік-педагогикалық: дамыған дүниетанымы мен ойлау қабілеті бар көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыру; - оқу-тәрбиелік:
Құзыреттіліктерді дамытуға арналған оқыту модульдерінің картасы
1 модуль. Қоғамдық және гуманитарлық білім негіздері

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

Әлеуметтік-мәдени, экономикалық, құқықтық және экологиялық аспектілер бойынша білім мен дағдыларды игереді, коммуникативті дағдыларды дамытады, қоғам дамуының заманауи тенденциялары жағдайында ақпараттық технологияларды қолданады.

2 модуль. Кадрларды психологиялық-педагогикалық және әдістемелік даярлау.

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

Оқушылардың жеке, физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың заманауи технологиялары мен критериалды бағалауды қолдану.

3 модуль. Негізгі тілдік дайындық

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

Алған білімдерін жазбаша және ауызша коммуникацияда қолдану, оқытылатын тіл елінің болмысы мен ұлттық - мәдени ерекшеліктерін бағалау, өз пікірін дәлелдеу және қорғау Тілдік бірліктерге грамматикалық, синтаксистік, морфологиялық, контекстік және этимологиялық талдау жүргізу, оқу процесінде түрлі салалардан алған білімдерін біріктіру.Кәсіби коммуникативтік жағдай шеңберінде тілдік құралдарды меңгеру, оқу міндеттерін түсіну және шешу үшін қажетті ағылшын тілінің тілдік құбылыстарын талдау және бағалауды жүзеге асыру

4 модуль. Мамандықтың педагогикалық негіздері

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

Жалпы орта білім беретін мектептердің берілген шарттары мен мүмкіндіктеріне сәйкес ғылыми - зерттеу, оқу және педагогикалық қызметті жоспарлау, ұйымдастыру үшін интеграцияланған нысандар мен технологияларды қолданады. қушылардың жеке, физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың заманауи технологиялары мен критериалды бағалауды қолданады

5 модуль. Мәдениетаралық коммуникация тілдері

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

Өз сезімдерін, ойлары мен қажеттіліктерін білдіру үшін қарым-қатынас міндетіне сәйкес тілдік құралдарды қолдану, шет және екінші шет тілі /ана тілдерінің тілдік жүйесін ажыратады. Екінші шет тіліндегі мәтіндерге тән мәдени ерекшеліктерді, стильдер мен нормаларды ескере отырып, мәтіндерге талдау жүргізеді

6 модуль. Тіл теориясы

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

Алған білімдерін жазбаша және ауызша коммуникацияда қолдану, оқытылатын тіл елінің болмысы мен ұлттық - мәдени ерекшеліктерін бағалау, өз пікірін дәлелдеу және қорғайды Тілдік бірліктерге грамматикалық, синтаксистік, морфологиялық, контекстік және этимологиялық талдау жүргізу, оқу процесінде түрлі салалардан алған білімдерін біріктіреді Кәсіби коммуникативтік жағдай шеңберінде тілдік құралдарды меңгеру, оқу міндеттерін түсіну және шешу үшін қажетті ағылшын тілінің тілдік құбылыстарын талдау және бағалауды жүзеге асырады ON8 Кәсіби коммуникативтік жағдай шеңберінде тілдік құралдарды меңгеру, оқу міндеттерін түсіну және шешу үшін қажетті ағылшын тілінің тілдік құбылыстарын талдау және бағалауды жүзеге асыру.

7 модуль. Кәсіби бағытталған коммуникация

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

Тілдік бірліктерге грамматикалық, синтаксистік, морфологиялық, контекстік және этимологиялық талдау жүргізу, оқу процесінде түрлі салалардан алған білімдерін біріктіреді Коммуникативтік нормалар мен тәжірибелер контексті шеңберінде шет тіліндегі аутентті материалдарға талдау жүргізеді. Академиялық дискурстың стилистикалық және жанрлық ерекшеліктеріне сәйкес хабарламалар жасайды