Білім беру бағдарламалары
6B02101 - Дизайн
B031 Сән, дизайны білім беру бағдарламаларының тобы 6B02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар білім беру саласына кіреді.

Кіріспе
2024 жыл - 10 орын 2025 жыл - 22 орын "Шәкәрім университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы, Білім беру жоғары мектебі "Өнер " кафедрасының "6B02101 - Дизайн" білім беру бағдарламасының мазмұны дизайнның бірнеше саласы бойынша бакалаврларды дайындауды қарастырады.ББ мақсаты дизайнерлік міндеттерді стандартты түрде шеше алмайтын және жобалау қызметінде түбегейлі жаңа шешімдерді ұсына алатын, шығармашылық белсенділігі жоғары, қазіргі еңбек нарығында талап етілетін бакалавр-дизайнерлерді дайындау болып табылады. Білім беру бағдарламасы жоғары оқу орны жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерді оқытуды, сондай-ақ оның әлеуметтенуін және қоғамға кірігуін көздейді.
Даярлау бойынша білім беру үрдісінің аяқталуының негізгі критерийі бакалавр білім алушылардың теориялық оқытудың кемінде 265 кредитін, сондай-ақ практиканың кемінде 27 кредитін игеруі, 8 кредит қорытынды аттестаттау болып табылады. Барлығы 300 кредит.
5 жыл
Мақсаты
Заманауи еңбек нарығында сұранысқа ие, шығармашылық белсенділігі жоғары, дизайнерлік міндеттерді стандартты емес түрде шеше алатын және жобалық қызметте түбегейлі жаңа шешімдер ұсына алатын бакалавр-дизайнерлерді дайындау
Түлектің біліктілік сипаттамасы
  • Берілетін дәреже / біліктілік
    6B02101 - Дизайн білім беру бағдарламасы бойынша өнер бакалавры
  • Кәсіп атауы / маманның қызметінің тізімі
    - art менеджер; - жарнама дизайнері; - интерьер дизайнері; - сән дизайнері; - полиграфиялық өнім дизайнері.
  • СБШ (салалық біліктілік шеңбері) бойынша біліктілік деңгейі
    6
  • Кәсіби қызмет саласы
    Өндірістік, конструкторлық және жобалау ұйымдары, жарнамалық және дизайнерлік агенттіктер
  • Кәсіби қызмет нысаны
    - жобалау ұйымдары; - жарнамалық агенттіктер; - өндіріс ұйымдары; - текстилді өнеркәсіп ұйымдары; - сән дизайны мекемелері.
  • Кәсіби қызмет түрлері
    - жобалау-конструкторлық (дизайнер маманының басшылығымен): тұжырымдаманы, жобаларды, макеттерді, жаңа объектілердің модельдерін, ансамбльдерді, бұйымдарды және өнімдерді әзірлеуді қамтиды; - ұйымдастырушылық-басқарушылық: жобалау қызметін ұйымдастыру және басқару саласындағы Кәсіби компьютерлік бағдарламаларды меңгеруді, Бәсекелестік және бизнес жағдайында кәсіпкерлік және қаржылық қызметтің нысандарын, қағидаттарын, стратегиясын зерделеуді көздейді.
Құзыреттіліктерді дамытуға арналған оқыту модульдерінің картасы
1 Модуль. Қоғамдық және гуманитарлық білім негіздері

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

Әлеуметтік-мәдени, экономикалық, құқықтық және экологиялық аспектілер бойынша білім мен дағдыларды игереді, коммуникативті дағдыларды дамытады, қоғам дамуының заманауи тенденциялары жағдайында ақпараттық технологияларды қолданады.

2 Модуль. Бейнелеу қызметі

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

Модуль болашақ дизайнердің кәсіби дағдыларын қалыптастыратын негізгі пәндерді меңгеруге бағытталған және студенттердің жеке әрі көркемдік ерекшеліктерін ескереді. Нәтижесінде, олар шығармашылық және академиялық дамуға берік негіз алады.

3 Модуль. Кәсіби қызмет негіздері

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

Модуль дизайнның іргелі пәндерін меңгеруге және теориялық білімді кәсіби қызметтегі шығармашылық міндеттерді шешуге қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған. Ол идеяларды генерациялау, талдау жүргізу, шешім қабылдау және командада тиімді жұмыс істеу қабілеттерін қалыптастырып, студенттердің кәсіби әлеуетін ашуға көмектеседі.

4 Модуль. Жарнама негіздері

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

Модуль заманауи әлемдегі жарнама қызметінің ерекшеліктері мен даму кезеңдерін, жарнама өнімдерін жасау әдістері мен негізгі ұғымдарын зерттеуге бағытталған. Нәтижесінде студенттер жарнама дизайны бойынша дағдыларды игеріп, шығармашылық белсенділік, коммуникативтік қабілеттер және кәсіби құзыреттерін дамытады.

5 Модуль. Жобалау

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

Модуль жобалаудың негіздерін, дизайн объектілерін, интерьер перспективасын және стильдік шешімдерді қамтиды, дизайнерлік жобаларды кешенді түрде жасауға ерекше назар аудара отырып. Студенттер идеяларды эскиздер арқылы визуализациялауды, жобаларды дамытуды, авторлық қадағалауды жүргізуді және графиканы өңдеу мен анимация жасау үшін техникалық және бағдарламалық құралдарды қолдануды үйренеді.

6 Модуль. Сән

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

Модуль болашақ киім дизайнері үшін қажетті қосымша дағдылар мен құзыреттерді дамытады, оның ішінде киім декорына шығармашылық көзқарас пен сәндік элементтердің түрлері мен технологияларын үйрену кіреді. Сонымен қатар, студенттер дене пішімін анықтау, өлшем алу, базалық үлгіні құрастыру және бөлшектерді жобалау әдістерін меңгереді.