Даярлау бойынша білім беру үрдісінің аяқталуының негізгі критерийі бакалавр білім алушылардың теориялық оқытудың кемінде 205 кредитін, сондай-ақ практиканың кемінде 27 кредитін игеруі, 8 кредит қорытынды аттестаттау болып табылады. Барлығы 240 кредит.
4 жыл
-
Берілетін дәреже / біліктілік«6В01410 - Көркем білім (IP)» білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры
-
Кәсіп атауы / маманның қызметінің тізімі1. мектеп мұғалімдері, 2. техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының оқытушысы, 3. қосымша білім беру педагогы
-
СБШ (салалық біліктілік шеңбері) бойынша біліктілік деңгейі6
-
Кәсіби қызмет саласы- әлеуметтік-педагогикалық қызмет: - білім беру қызметі: - тәжірибелік - зерттеу қызметі: - ұйымдастыру және басқару қызметі: - жобалау және жобалау қызметі.
-
Кәсіби қызмет нысаныЖалпы біліп беру мекемелері; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымыдары; қосымша білім беру мекемелері.
-
Кәсіби қызмет түрлері- білім беру; - мәдени-ағартушылық; - проект және дизайн; - өндіріс және өнер; - ғылыми және әдістемелік; - көркем және шығармашылық.
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Сурет, кескіндеме, сәндік-қолданбалы өнер (түрлері бойынша), мүсін, керамика, дизайн, өнердің сандық формалары саласында колористика мен түстану негізінде шығармашылық жұмыс жасау;
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Арт білім беру ауқымын байытуға арналған қазіргі ғылымның тарихи-саяси, философиялық, әлеуметтанулық, мәдени және психологиялық аспектілері туралы, Абайтануды қоса алғанда, білім мен түсінікті пайдалану, сонымен қатар Академиялық адалдық принциптері мен мәдениетінің маңыздылығын түсіну;
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Формальды және формальды емес мектеп білімі шеңберінде шығармашылық орта құру және жобаларды іске асыру үшін әлемдік артбілім әдістері мен технологияларын жалпылау;
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Қолмен және машиналық әдістерді қолдана отырып, жобалау және макеттеу саласында сызбаларды, бұйымдар схемаларын және басқа да графикалық құрылымдарды жасау әдістемесін меңгеру;
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Оқытушылық қызметте көркем білім беруді, графика және жобалауды оқытудың әлемдік және отандық әдістемесінің соңғы жетістіктерін пайдалан
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Заманауи ақпараттық-коммуникациялық және цифрлық технологияларды пайдалану, мемлекеттік, орыс және шет тілдерінде арт-білім беруді дамытудың проблемалары мен перспективалары бойынша өз пікірін дәлелдеу, сондай-ақ зерттелетін салада одан әрі оқытуды өз бетінше жалғастыру үшін қажетті оқыту дағдыларын меңгеру;
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Артбілім берудегі оқу-практикалық және кәсіби міндеттерді шешу үшін экономика және кәсіпкерлік, құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, экология және қауіпсіз өмір салаларында талдау әдістерін қолдану;
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Әртүрлі жастағы балалардың физиологиялық дамуы негізінде, өнердегі инклюзивті білімде педагогикалық-психологиялық зерттеулер, өзара іс-қимыл және коммуникация, бағалау және даму негіздерін меңгеру;
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Ғылыми зерттеу және академиялық жазу әдістерін, оқыту, жоспарлау және жеке оқытудың әдістемесі мен технологиясын, сондай-ақ формальды және формальды емес білім беру саласындағы инновацияларды білу;
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Сурет, кескіндеме, композиция, өнер тарихы, пластикалық анатомия және мүсін, дизайн негіздері, сызба геометриясы саласындағы білім мен практикалық дағдыларды педагогикалық және шығармашылық қызметте қолдану;
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Қазақстанның көркемөнер білімін тұрақты дамыту үшін кешенді тәсілді қолдана отырып, креативті экономикадағы артменеджмент пен кәсіпкерліктің фактілері мен заңдылықтарын талдау;
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Қазақстанның сәндік-қолданбалы өнерінің әртүрлі түрлері (материалдарды көркем өңдеу: металл, ағаш, тоқыма және текстиль) негізінде формальды және формальды емес арт-білім беру жүйесінде педагогикалық процесті іске асыру;