Білім беру бағдарламалары
6B01601 - Тарих
B015 Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламаларының тобы 6B01 Педагогикалық ғылымдар білім беру саласына кіреді.

Кіріспе
2022 жыл - 17 орын 2023 жыл - 1 орын 2024 жыл - 1 орын "Шәкәрім университеті" КЕАҚ жүзеге асыратын " 6В01601 Тарих білім беру бағдарламасы" 6В016 - гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдерді даярлау бағыты бойынша білім алушылардың мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін, кафедраның және жалпы ЖОО әлеуетін ескере отырып, өңірлік еңбек нарығының қажеттіліктерін, жұмыс берушілердің қажеттіліктерін белгілеуді, қоғамның әлеуметтік тапсырысын зерттеуді ескере отырып әзірленді. "Тарих" кафедрасының негізгі штаты – бұл кәсіби міндеттердің кең ауқымын шешуге құзыретті жоғары білікті педагогтар мен ғалымдардан құралған. Басым бағыттары: теориялық дайындықтың жоғары сапасы; оқытудың практикалық бағыты; таяу және алыс шетелдердің жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық орнатуы, оқытушылар мен білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмысы болып табылады. Білім беру бағдарламасының ерекшелігі оның педагогикалық және ғылыми-зерттеу, мәдени-ағартушылық, сараптамалық-талдау және ұйымдастыру-басқару қызметін іске асыруды және білім беру-мәдени және ғылыми сала үшін зияткерлік элитаны қалыптастыруды қамтамасыз ететін тарихшылардың жоғары білікті мамандарын даярлауға бағытталуы болып табылады. Даралық, перспективалығы 6В01601 "Тарих" білім беру бағдарламасы "Шәкәрім университеті" КЕАҚ-ның облыс және Шығыс өңірі үшін ғана емес, сондай-ақ республиканың оңтүстік облыстары үшін "Серпін" бағдарламасы бойынша "білім беру" бағыты бойынша мамандар даярлауды жүзеге асыратын ЖОО ретінде бірегейлігімен сипатталады. 6В01601 - Тарих ББ-ның бәсекелестік артықшылығы бакалавриат түлектері магистратура бағдарламалары бойынша кафедрада оқуын жалғастыра алады.
Даярлау бойынша білім беру үрдісінің аяқталуының негізгі критерийі бакалавр білім алушылардың теориялық оқытудың кемінде 205 кредитін, сондай-ақ практиканың кемінде 27 кредитін игеруі, 8 кредит қорытынды аттестаттау болып табылады. Барлығы 240 кредит.
4 жыл.
Мақсаты
Базалық теориялық білімді игерген, оқыту және тәрбие қызметін жүзеге асыруда кәсіби дағдылары бар, бәсекеге қабілетті тарих мұғалімін даярлау.
Түлектің біліктілік сипаттамасы
  • Берілетін дәреже / біліктілік
    6B01601 Тарих білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры
  • Кәсіп атауы / маманның қызметінің тізімі
    - мектеп, лицей, колледж, гимназия және тағы басқа орта, орта мамандандырылған оқу орталарында тарих мұғалімі
  • СБШ (салалық біліктілік шеңбері) бойынша біліктілік деңгейі
    6
  • Кәсіби қызмет саласы
    Түлектердің кәсіби қызметінің объектілері: - мемлекеттік орта мектептер; - жеке меншік мектептер; - лицей мен гимназиялар; - колледж; және тағы басқа білім бмекемелерінде тарих мұғалімі
  • Кәсіби қызмет нысаны
    Білім беру бағдарламасының түлектерінің кәсіби қызметтерінің нысандары: меншік формаларына және ведомстволық бағыныштылығына қарамастанорта және әр түрлі типтегі орта білім беру ұйымдары; техникалық және кәсіби білім беру ұйымдары.
  • Кәсіби қызмет түрлері
    Тарих білім беру бағдарламасы бойынша келесі кәсіби қызмет түрлері іске асырылады: - білім (педагогикалық); - оқу-тәрбие; - оқу-технологиялық; - әлеуметтік-педагогикалық; - тәжірибелік-зерттеу; - ұйымдастырушылық-басқарушылық.
Құзыреттіліктерді дамытуға арналған оқыту модульдерінің картасы
1 Модуль. Қоғамдық және гуманитарлық білім негіздері

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

Әлеуметтік-мәдени, экономикалық, құқықтық және экологиялық аспектілер бойынша білім мен дағдыларды игереді, коммуникативті дағдыларды дамытады, қоғам дамуының заманауи тенденциялары жағдайында ақпараттық технологияларды қолданады.

2 Модуль. Кадрларды психологиялық-педагогикалық және әдістемелік даярлау

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

Заманауи білім беру технологиялары мен оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, критериалды бағалауды меңгеру;

3 Модуль. Мамандықтың педагогикалық негіздері мен оқыту әдістемесі

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

Модульді оқуты нәтижесінде студент тарих пәні, зерттеу әдістері мен түлектерге қойылатын талаптар туралы түсінік алады, тарихшы мамандарды даярлау әдістемесін және педагогикалық қызмет негіздерін меңгереді. АТ қолдану арқылы оқу материалдарын әзірлеуді және оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып оқытудың заманауи әдістерін қолдануды біледі.

4 Модуль. Арнайы тарихи пәндер

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

Студент тарихи білімнің теориясы мен әдістемесі бойынша жүйелі білім алады, тарихи процестер мен дереккөздерді талдай алады, этнология, мұрағаттану, мұражайтану және қосалқы тарихи пәндермен танысады, сонымен қатар қазақ халқының рухани мәдениетін зерттейді.

5 Модуль. Ежелгі заманғы және Ортағасырлық тарих

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

Археология туралы түсінік, сонымен қатар дереккөздерді талдау әдістері, алғашқы қоғам хронологиясы, археологиялық кезеңделу және тарихи талдаулар бойынша білім мен дағдыларды меңгереді. Ежелгі өркениеттердің дамуы, олардың тарихтағы рөлі туралы түсінік қалыптастырады, негізгі зерттеу мәселелерімен танысады және дереккөздермен жұмыс істеудің кәсіби дағдыларын дамытады.

6 Модуль. Жаңа және қазіргі заман тарихы

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

Жаңа және қазіргі заманғы Әлем тарихының және Қазақстан тарихының өзекті мәселелері бойынша білім алады, осы кезеңдегі негізгі әлеуметтік процестерді зерттеу және талдау әдістемесін игереді.