Ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистрлерді даярлау бойынша білім беру процесінің аяқталуының негізгі критерийі білім алушылардың теориялық оқытудың кемінде 88 кредитін, соның ішінде 6 кредит педагогикалық практика, 13 кредит зерттеу практикасы, сондай-ақ тағылымдамадан өтуді және магистрлік жобаны орындауды қоса алғанда, магистранттың ғылыми -зерттеу жұмысының кемінде 24 кредитін, қорытынды аттестацияның кемінде 8 кредитін игеру болып табылады. Барлығы 120 кредит.
2 жыл
-
Берілетін дәреже / біліктілік7М01601 – Тарих білім беру бағдарламасы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі
-
Кәсіп атауы / маманның қызметінің тізіміБастапқы лауазымда болуы мүмкін: • білім беру (педагогикалық) – жоғары және орта оқу орындарында; • өндірістік-басқару – мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерде (біліктілікті арттыру институттарында, баспаларда, оқу орындарында (лаборант, кабинет меңгерушісі және т. б.), соның ішінде жоғары оқу орындарында әкімшілік лауазымдарды атқара алады; мұражайларда, мұрағаттар мен кітапханаларда қызмет атқара алады; • ғылыми-зерттеу - ғылыми-зерттеу академиялық институттарында және гуманитарлық бағыттағы зерттеу мекемелерінде КҒҚ лауазымында жұмыс істей алады.
-
СБШ (салалық біліктілік шеңбері) бойынша біліктілік деңгейі7
-
Кәсіби қызмет саласы• инновациялық психологиялық-педагогикалық әдістер мен құралдарды пайдалана отырып білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастыру; • ғылыми-зерттеу қызметі.
-
Кәсіби қызмет нысаны• техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары (колледждер, техникумдар, училищелер). • жоғары оқу орындары; • ғылыми-зерттеу институттары; • білім беру саласындағы уәкілетті және жергілікті атқарушы органдар; • мұрағаттар мен мұражайлар.
-
Кәсіби қызмет түрлері• әлеуметтік – педагогикалық - оқушылардың толыққанды өмір сүруіне, тәрбиесіне және дамуына қолайлы жағдай жасау және гуманитарлық-педагогикалық қолдау көрсету; • білім беру – оқушыларды оқыту және дамыту, оқыту және тәрбиелеу процесін ұйымдастыру, педагогикалық процесті жобалау және басқару, педагогикалық қызмет нәтижелерін болжау, түзету; • ғылыми-зерттеу - қолданбалы тарих, педагогика, психология және оқыту әдістемесі саласында ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу; • ұйымдастырушылық-әдістемелік - инновациялық оқыту тәжірибесін зерттеу, жинақтау және тарату; • мәдени-ағартушылық - ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, ақпараттандыру, мультимедиа-білім беру саласында оқушы жастармен мәдени-демалыс жұмысын ұйымдастыру, ақпараттық қауіпсіздік және ақпараттық мәдениет саласында ағарту жұмыстарының бағдарламаларын, әдістемелерін және технологияларын әзірлеу; • өндірістік-технологиялық-ақпараттық-коммуникациялық құралдар мен технологияларды пайдалану негізінде технологиялық процесті басқару және ұйымдастыру.
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Әлеуметтік лингвистикалық құзыреттіліктерді және негізгі ғылыми-педагогикалық, басқарушылық және коммуникативті білім мен дағдыларды кәсіби қызметте қолдану қабілетін қалыптастырады.
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Пәнаралық зерттеулердің негізгі принциптері мен әдістерін түсіну; сабақтас пәндердің деректері мен әдістерін ескере отырып, тарихи процестерді талдау; тарихи дереккөздермен жұмыс істеу кезінде пәнаралық әдістерді қолдану; пәнаралық әдіснаманы қолдана отырып, ғылыми мәселелерді тұжырымдау және ғылыми жобаларды әзірлеу; өзекті ғылыми трендтер мен пәнаралық тәсілдерге сүйене отырып, зерттеу жобаларын әзірлеу.
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Тарихи ақпаратты талдау және түсіндіру үшін заманауи цифрлық құралдар мен платформаларды меңгеру; тарихи дереккөздер мен деректерді іздеу, өңдеу және ұсыну үшін ғылыми жұмыста АКТ қолдану; әр түрлі деңгейдегі білім беру мекемелерінде тарихты оқытудың заманауи әдістемелік тәсілдері мен педагогикалық технологияларын білу; оқытудың тиімді әдістері мен нысандарын, оның ішінде интерактивті технологияларды пайдалана отырып, тарих пәні бойынша оқу материалдарын әзірлеу; инклюзивті білім берудің құзыреттілік тәсілі мен қағидаттарына назар аудара отырып, тарихты оқытуда инновациялық педагогикалық тәжірибелерді енгізу.
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Отандық және дүниежүзілік тарихнамадағы заманауи тұжырымдамаларды, тәсілдерді және пікірталастарды талдау; Қазақстан тарихы мен дүние жүзі тарихының өзекті ғылыми мәселелерін анықтау; саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени факторлардың тарихи процестер барысына әсерін бағалау; ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтай отырып, ұлттық және жаһандық контекстегі тарихи процестерді салыстыру.