• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
Білім беру бағдарламалары
8D01601 - Тарих
D016 Тарих педагогтерін даярлау білім беру бағдарламаларының тобы 8D01 Педагогикалық ғылымдар білім беру саласына кіреді

Кіріспе
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Университетінің гуманитарлық-экономика факультетінің тарих және құқық кафедрасы іске асыратын «8D01601 - Тарих» білім беру бағдарламасы аймақтық еңбек нарығының сұраныстарын, жұмыс берушілердің қажеттілікке байланысты қойған талаптарын, білім алушылардың мүмкіндіктерін және сұраныстарын, сонымен бірге кафедраның, жалпы университеттің әлеуетін есептей отыра жасалды. Білім беру бағдарламасының айшықты ерекшелігіне, оның әлемдік және отандық тарихтың саласы бойынша тарихи және пәнаралық зерттеулердің методологиясын, тәжірибелік дағдыларын меңгерген, сонымен бірге оларды аналитикалық, ғылыми-зерттеу қызметінде және оқытуда іске асыра алатын жоғары білікті мамандарды дайындауға бағытталуы жатады. «8D01601-Тарих» білім беру бағдарламасының басқаларға ұқсамайтындай өзіндік ерекешелігінің негізінде, бітірушілердің тарихи үрдісті, тарих ғылымының әдістерін іс-тәжірибеде көрсетулері, ғылыми-зерттеу жобаларын жасай алулары, оларды іске асыра алатындықтары, тарих ғылымы, білімі саласындағы, жаңа, күрделі идеяларды сараптай және осы ғылымының қарышты дамуына қолдау көрсете білулері жатыр.
PhD докторларды дайындау бойынша, білім беру процесінің аяқталуының негізгі критериіне, білім алушылардың теориялық оқудың 45, соның ішінде практиканың 20 (педагогикалық практика – 10 кредит, зерттеу практикасы – 10 кредит), докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысының – 123 және қорытынды аттестаттаудың – 12 кредиттерін игеруі жатады. Барлығы 180 кредит.
3 жыл
Мақсаты
Әлемдік және отандық тарихтың саласы бойынша тарихи және пәнаралық зерттеулердің методологиясын, тәжірибелік дағдыларды меңгерген, сонымен бірге оларды аналитикалық, ғылыми-зерттеу, әкімшілік басқару қызметінде және оқытуда іске асыра алатын мамандарды дайындау
Түлектің біліктілік сипаттамасы
  • Берілетін дәреже / біліктілік
    8D01601 Тарих білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD)
  • Кәсіп атауы / маманның қызметінің тізімі
    Тарихшы; Зерттеуші; Университет оқытушысы; Мемлекеттік қызметкер
  • СБШ (салалық біліктілік шеңбері) бойынша біліктілік деңгейі
    8
  • Кәсіби қызмет саласы
    Педагогикалық қызмет; Ғылыми-зерттеу қызметі; Мәдени-ағарту қызметі; Ұйымдастыру-басқару қызметі; Сарапшылық-аналитикалық қызмет
  • Кәсіби қызмет нысаны
    Жоғары оқу орны; Ғылыми-зерттеу институттары; ведомствалық ғылыми-зерттеу ұйымдары; Мемлекеттік басқарудың, мұражайлар және мұрағаттардың бақылау-аналитикалық қызметтері
  • Кәсіби қызмет түрлері
    әлеуметтік – педагогикалық – білім алушылардың толыққанды өмір сүруіне, тәрбиесіне және дамуына қолайлы жағдай жасау және гуманитарлық-педагогикалық қолдау көрсету; • білім беру – білім алушылардың оқыту және дамыту, оқыту және тәрбиелеу процесін ұйымдастыру, педагогикалық процесті жобалау және басқару, педагогикалық қызмет нәтижелерін болжау, түзету; • ғылыми-зерттеу - қолданбалы тарих, педагогика, психология және оқыту әдістемесі саласында ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу; • ұйымдастырушылық-әдістемелік - инновациялық оқыту тәжірибесін зерттеу, жинақтау және тарату; • мәдени-ағартушылық - ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, ақпараттандыру, мультимедиа-білім беру саласында оқушы жастармен мәдени-демалыс жұмысын ұйымдастыру, ақпараттық қауіпсіздік және ақпараттық мәдениет саласында ағарту жұмыстарының бағдарламаларын, әдістемелерін және технологияларын әзірлеу; өндірістік-технологиялық – ақпараттық-коммуникациялық құралдар мен технологияларды пайдалану негізінде технологиялық процесті басқару және ұйымдастыру.
Құзыреттіліктерді дамытуға арналған оқыту модульдерінің картасы
Модуль 1. Ғылыми-педагогикалық қызмет

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

Тарихты оқыту әдістемесінің, кәсіби қызметті жүзеге асырудағы ғылыми әдістердің өзекті мәселелерін зерделеу, білім беру және басқару саласында практикалық және теориялық білімді қалыптастыру. Ғылыми тарихи зерттеу әдістерін, проблемалық-бағдарланған зерттеу жұмыстарын дайындау принциптерін зерттеу. Ғылыми-зерттеу және педагогикалық процесті жобалау және ұйымдастыру, кәсіби білім беру және ғылыми қызметтегі өзекті мәселелерді шешу бойынша құзыреттерді қалыптастыру.

Модуль 2. Пәнаралық тарихи зерттеулер

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

Отандық және дүниежүзілік тарихтың маңызды теориялық іргелі мәселелерін, гуманитарлық ғылымдар саласындағы негізгі теорияларды зерттеу. Қазіргі заманғы пәнаралық тәсілдер негізінде ғылыми зерттеулер жүргізу, деректер жинау, ғылыми зерттеу нәтижелерін талдау және жалпылау, ғылыми-зерттеу жұмысында теориялық білімді қолдану және тарихи зерттеудің ғылыми әдістері мен заманауи әдістерін практикада қолдану бойынша құзыреттерді қалыптастыру.