• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
Білім беру бағдарламалары
6B01201 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
B002 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу білім беру бағдарламаларының тобы 6B01 Педагогикалық ғылымдар білім беру саласына кіреді.

Кіріспе
2022 жыл - 3 орын 2023 жыл -3 орын "Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті" КеАҚ, «6B012 - Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы» бағыты бойынша «6B01201 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасы бойынша, мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту сұрақтарына байланысты кәсіби қызметтің барлық салаларында оқыту жүзеге асырылады. Білім беру бағдарламасы мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуда педагогикасы саласында классикалық және инновациялық теорияларды, әдістемелер мен білім беру технологияларын тиімді пайдалануға, мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеудің және оқытудың өзекті аспектілерін терең зерттеуге бағытталған білім берудің жаңартылған мазмұнын ескере отырып құрылған. Білім беру бағдарламасының түлектерін мектепке дейінгі мекемелердің педагог және тәрбиешілері ретінде базалық даярлаумен қатар, мектепке дейінгі білім беру саласындағы кәсіби қызметті жүзеге асыруға мүмкіндік беретін (білім беру департаментінің бөлімшелерінің тиісті маманы, мектепке дейінгі мекеме әдіскері, біліктілігін арттыру институттарының маманы және т.б.) сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту, тәрбиелеу және әлеуметтендіру мақсатында инклюзивті білім беру саласындағы іс-шараларды жүзеге асырады. Білім беру бағдарламасы жоғары оқу орны жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерді оқытуды, сондай-ақ оның әлеуметтенуін және қоғамға кірігуін көздейді.
Даярлау бойынша білім беру үрдісінің аяқталуының негізгі критерийі бакалавр білім алушылардың теориялық оқытудың кемінде 205 кредитін, сондай-ақ практиканың кемінде 27 кредитін игеруі, 8 кредит қорытынды аттестаттау болып табылады. Барлығы 240 кредит.
4 жыл.
Мақсаты
Тұтас педагогикалық үдерісте теориялық білім мен практикалық дағдыларды қолдануға қабілетті мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жоғары білікті және бәсекеге қабілетті педагогтарын даярлау.
Түлектің біліктілік сипаттамасы
  • Берілетін дәреже / біліктілік
    6B01201 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры.
  • Кәсіп атауы / маманның қызметінің тізімі
    Педагог. Мектепке дейінгі білім беру ұйымының тәрбиешісі; мектепке дейінгі білім беру жүйесінің әдіскері; білім басқармасы департаментінің маманы.
  • СБШ (салалық біліктілік шеңбері) бойынша біліктілік деңгейі
    6 (деңгей бөлімдері) 6.1; 6.2;6.3; 6.4 (Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» Басқарма Төрағасының 2017 жылғы 8 маусымдағы № 133 бұйрығына қосымша» «Педагог» кәсіби стандарты) гог»)
  • Кәсіби қызмет саласы
    ҚР мектепке дейінгі білім беру саласы
  • Кәсіби қызмет нысаны
    Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары, шағын орталықтар, педагогикалық колледждер, білім беруді басқару департаменттері, біліктілікті арттыру институттары.
  • Кәсіби қызмет түрлері
    - мектепке дейінгі баланы тәрбиелеу, оқыту, дамыту және қалыптастыру; - мектепке дейінгі білім беру саласындағы тәрбие және оқыту процесін ұйымдастыру және басқару; - педагогикалық іс-әрекет нәтижелерін болжау, диагностика, түзету; - мектепке дейінгі білім беру саласындағы озық тәжірибені зерделеу, қорыту, тарату.
Құзыреттіліктерді дамытуға арналған оқыту модульдерінің картасы
Ғылыми-теориялық және тарихи-философиялық білім

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

Тарихи, әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени даму мәселелерінде және идеялар мен пікірлер әлемінде бағдарлану үшін еркін және сыни ойлау қабілетін меңгеру. Гуманитарлық және жаратылыстану-ғылыми білім саласында пәндік психологиялық-педагогикалық құзыреттілік жүйесін меңгеру және философиялық рефлексия қажеттілігін қалыптастыруға қабілетті болу.

Тіл дайындығының теориясы мен практикасы

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

Қазақ халқының рухани, әдеби және мәдени мұрасын лайықты бағалай алатын бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыруды есепке ала отырып, кәсіби және әлеуметтік қызметтің әртүрлі түрлерінде қазақ, орыс және шет тілдерін пайдалану дағдыларын меңгеру

Тұтас педагогикалық процестің теориясы мен практикасы

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

Практикадан өту кезінде жетілдіру және бекіту мақсатында этномәдени мұраны ескере отырып, тұтас педагогикалық процесс саласындағы білімді жетілдіру.

Оқу процесінің жеке әдістері

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

Мектепке дейінгі білім беру жағдайында тұтас педагогикалық процесті жүзеге асырудың оңтайлы әдістері мен технологияларын таңдау мен қолдануды ескере отырып, оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін шешу.

Заманауи білім беру технологиялары және мектепке дейінгі білім беруді басқару

Модуль бойынша оқыту нәтижелері:

Білім беру жүйесіндегі нормативтік-құқықтық құжаттар, оқу-әдістемелік құжаттама, дағдылары, қазіргі білім беру және ұйымдастырушылық құжаттаманы әзірлеу дағдылары мен дағдылары, заманауи білім беру және инновациялық технологиялар саласында құзыретті болуы.