Даярлау бойынша білім беру үрдісінің аяқталуының негізгі критерийі бакалавр білім алушылардың теориялық оқытудың кемінде 205 кредитін, сондай-ақ практиканың кемінде 27 кредитін игеруі, 8 кредит қорытынды аттестаттау болып табылады. Барлығы 240 кредит.
4жыл.
-
Берілетін дәреже / біліктілікББ бойынша 6В01301Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі білім бакалавры
-
Кәсіп атауы / маманның қызметінің тізіміПедагог, бастауыш мектеп мұғалімі
-
СБШ (салалық біліктілік шеңбері) бойынша біліктілік деңгейі6 (ішкі деңгей 6.1; 6.2; 6.3; 6.4 )«Педагог» кәсіби стандарты
-
Кәсіби қызмет саласыБілім және ғылым саласында 6В01301 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі білім бағдарламасы бойынша бакалавр өз қызметін жүзеге асырады.
-
Кәсіби қызмет нысаны6В01301 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі білім беру бағдарламасы бойынша бакалавр кәсіптік қызметінің объектілері білім беру мекемелері (жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сатысы, педагогикалық колледждер, педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институттары, білім департаменттері) болып табылады.
-
Кәсіби қызмет түрлеріБілім беру бағдарламасының 6В01301Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі түлектері келесі кәсіби қызмет түрлерін атқара алады: - диагностикалық-оқушы тұлғасын, оқыту, тәрбиелеу және дамыту нәтижелерін зерттеу; -ұйымдастырушылық-технологиялық (педагогикалық технологиялар негізінде оқыту және тәрбиелеу процесін ұйымдастыру); - басқарушылық-педагогикалық ("субъект-субъект" өзара іс-қимылы, білім берудегі менеджмент); - жобалық (бастауыш мектепте білім беруді модельдеу); - ғылыми-зерттеу (білім беру мәселелерін шешуде шығармашылық ізденіс, педагогикалық тәжірибені зерттеу, рефлексия).
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Әлеуметтік-мәдени, экономикалық, құқықтық және экологиялық аспектілер бойынша білім мен дағдыларды игереді, коммуникативті дағдыларды дамытады, қоғам дамуының заманауи тенденциялары жағдайында ақпараттық технологияларды қолданады.
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Оқушылардың жеке, физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту мен критериалды бағалаудың заманауи технологияларын қолдану.
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Модуль педагогикалық іс-әрекеттің психологиялық-педагогикалық негіздерін қамтиды, онда студенттер практикалық және теориялық білімдерін қолдана отырып, балалардың мектепке даярлығын қамтамасыз ету және дамытушылық-түзету жұмыстарын жүргізу, ата-аналармен ынтымақтастықты ұйымдастыру, нормативтік-құқықтық құжаттарды талдау және педагогикалық процесті бағалау дағдыларын меңгереді. Бұл білім мен дағдылар кәсіби біліктіліктің негізін қалыптастырады, педагогикалық іс-әрекетті тиімділікпен жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Педагогикалық қызметтің мазмұндық аспектілері — бұл оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру және өткізу, оқу бағдарламаларын және оқыту әдістерін әзірлеу, оқу жоспарларын жасау, оқушылардың білімін бақылау мен бағалау, сондай-ақ олардың қабілеттері мен дағдыларын дамыту және қолдау сияқты педагогикалық жұмыс құрамдас бөліктері. Бұл аспектілер оқыту мен тәрбиелеудің мақсаттарына жетуге, оқушының жеке тұлғасын қалыптастыруға және оның қоғамға тиімді бейімделуіне бағытталған.
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Бастауыш білім беруді басқару негіздері – бұл бастауыш білім беру мекемелерінде, яғни мектептер мен сыныптарда, білім беру процестерін, ресурстар мен қызметкерлерді тиімді басқаруға мүмкіндік беретін принциптер, әдістер, құралдар мен тәсілдер жиынтығы. Бастауыш білім беруді басқару оқу процесін жоспарлау және ұйымдастыруды, оқыту сапасын бақылап, бағалауды, кадрларды, қаржылық ресурстарды және мектептің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін басқаруды, сондай-ақ білім беру қызметін дамыту мен жетілдіруді қамтиды.