Ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистрлерді даярлау бойынша білім беру процесінің аяқталуының негізгі критерийі білім алушылардың теориялық оқытудың кемінде 88 кредитін, соның ішінде 6 кредит педагогикалық практика, 13 кредит зерттеу практикасы, сондай-ақ тағылымдамадан өтуді және магистрлік жобаны орындауды қоса алғанда, магистранттың ғылыми -зерттеу жұмысының кемінде 24 кредитін, қорытынды аттестацияның кемінде 8 кредитін игеру болып табылады. Барлығы 120 кредит.
2 жыл
-
Берілетін дәреже / біліктілік7M01201 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу білім беру бағдарламасы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі
-
Кәсіп атауы / маманның қызметінің тізімі• университет профессоры; • колледж оқытушысы; • кіші ғылыми қызметкер (егер жоғары оқу орындары (факультеттер) кеңестерінің ұсыныстары болса, оқу кезеңінде жұмыс тәжірибесі жинақталған жоғары оқу орындарының түлектері (магистратура) кіші ғылыми қызметкер лауазымына тағайындалуы мүмкін.
-
СБШ (салалық біліктілік шеңбері) бойынша біліктілік деңгейі(деңгей бөлімдері) 7.1; 7.2;7.3; 7.4
-
Кәсіби қызмет саласыПедагогикалық; өндірістік-басқарушылық; ғылыми-зерттеу
-
Кәсіби қызмет нысаныПедагогикалық колледждер және жоғары оқу орындары; ғылыми-зерттеу институттары; білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институттары; білім беру саласындағы уәкілетті және жергілікті атқарушы органдар.
-
Кәсіби қызмет түрлерібілім беру (педагогикалық); әлеуметтік-педагогикалық; ғылыми-зерттеу; ұйымдастыру-басқару; мәдени-ағарту
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Әлеуметтік лингвистикалық құзыреттіліктерді және негізгі ғылыми-педагогикалық, басқарушылық және коммуникативті білім мен дағдыларды кәсіби қызметте қолдану қабілетін қалыптастырады.
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі басқарудың заманауи тәсілдерін, модельдері мен технологияларын талдайды. Нормативтік-құқықтық құжаттар мен білім беру саясаты негізінде басқарушылық шешімдердің тиімділігін бағалайды. Мектепке дейінгі ұйымды дамытуға арналған стратегиялық және жедел жоспарларды әзірлейді және енгізеді. Өзгеріс пен инновациялар жағдайында көшбасшылық, командамен жұмыс және кадрлық басқару дағдыларын көрсетеді.
Модуль бойынша оқыту нәтижелері:
Мектепке дейінгі ұйымдардағы тұтас педагогикалық үдерістің теориялық негіздерін талдайды. Білім беру үдерісінің қатысушыларының (тәрбиеші, бала, ата-ана) өзара әрекеттесу ерекшеліктерін түрлі педагогикалық модельдерде зерттейді. Әртүрлі білім беру қажеттіліктері бар балаларға педагогикалық қолдау көрсетудің модельдерін әзірлейді. Білім беру қызметін жобалау, жүзеге асыру және талдау барысында заманауи педагогикалық технологиялар мен әдістерді қолданады. • Компетенттілікке негізделген тәсіл мен мектепке дейінгі білім сапасының өлшемдері арқылы педагогикалық үдерістің тиімділігін бағалайды.