Ғылыми семинар
Шәкәрім университеті Гуманитарлық- экономика факультет Өнер және музыка кафедрасы 7М01403 - Бейнелеу өнері және сызу мамандығының магистр дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияны алдын-ала талқылау мәжілісінде:
- Бекишев Ербол Тулепбергеновичтің «Қазіргі заманғы кескіндеме әдістері» (ғылыми жетекші: Мырзаканов Мадвакас Сексембаевич, п.ғ.к.);
- Болатбаев Қуаныш Талғатұлының «ХХ ғасырдағы қазақ дәстүрлі бейнелеу өнерінің табиғи, тарихи даму жолының ерекшеліктері мен тәрбиелік мүмкіндіктері» (ғылыми жетекші: Татиев Еркебұлан Ертісұлы аға оқытушы, PhD) атты тақырыптарда ғылыми семинары болып өтті.
* Нәтижесінде екі магистранттың диссертация жұмыстары тыңдалып, кафедраның бейнелеу өнері бөлімі бойынша тағайындалған комиссия мүшелері өз бағаларын берді.
* Қорытындысында тыңдалған ғылыми зерттеу жұмыстары бойынша диссертацияның кіріспе және негізгі бөлімдеріне сыни ескертулер жасалды. Сондай-ақ комиссия алқалары норма бақылау тәртібіне жауапты адамды бекітіп, магистранттардың ғылыми жұмыстары наурыз айында норма бақылаудан өтетіндігі айтылды.
Еске сала кететін болсақ, бұл кафедраның бейнелеу өнері бөлімі бойынша екінші ғылыми семинар отырысы болып табылады. Диссертацияны алдын-ала талқылау мәжілісінің алғашқы отырысында университетіміздегі Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің жетекшісі Нургазезова Алмагуль Нургазезовна қатысып, арнайы семинар өткізген болатын.