«Халықтың психологиялық ахуалын қамтамасыздандыру» атты облыстық дөңгелек үстел
27.10.2023 ж. Педагогика және психология кафедрасы оқытушыларының ұйымдастыруымен халықтың психологиялық ахуалын қамтамасыздандыру және олардың бейімделу мүмкіндіктерін жетілдіру арқылы
қоғамдық-әлеуметтік үрдістің қолайлы жағдайларын қолдау мақсатында «Халықтың психологиялық ахуалын қамтамасыздандыру» атты облыстық дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге білім беру ұйымдарының педагог-психологтары, жас педагог-практитері қатысты. Дөңгелек үстел аясында келесідей мамандар өздерінің тәжірибелерімен бөлісіп, ой-пікір алмасты: ⚜️"Абай облысының білім басқармасы" ММ "Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы" КММ білім беру процесін әдістемелік сүйемелдеу бөлімінің әдіскері Рахимжанова Галия Махсутовна: "Мобильді көмек қызметі жобасының іске асырылуы"; ⚜️ АБАЙ ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ОБЛЫСТЫҚ ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ҚКМК психологы Сулейменова Айсулу Нурлановна: «Психическое здоровье в современном мире»; ⚜️Абай облысының “Асыл Мирас” аутизм орталығының директоры Алимжанова Арайлым Магашевна: «Инклюзивное образование детей с аутизмом»;
⚜️ Абай Аяулым Қуанышқызы - Семей қ. «№19 ЖОББМ» КММ педагог-психологы: «Мектептегі инклюзивті білім берудің психологиялық ерекшеліктері». Дөңгелек үстел соңында кері байланыс жасалып, қатысушыларға алғыс хаттар мен сертификаттар табысталды.