Шыңғыстау археологиялық экспедициясының 25 жылдығына арналған дөңгелек үстел
Шәкәрім университетінің гуманитарлық-экономикалық факультетінде ғалымдардың және студенттердің қатысуымен Шыңғыстау археологиялық экспедициясының 25 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті мен Семей мемлекеттік университеті 1999 және 2002 жылдары ұйымдастырған экспедиция Шыңғыстаудағы қола ғасыры, ертетемір және түркі дәуірінің бірқатар ескерткіштерін зерттеді.
Сол жылдардағы университет студенті Қанат Еңсенов және факультеттегі "Археолог дәне палеограф" үйірмесінің студенттері дөңгелек ұстелдің бастамашылары болды. Студенттер экспедиция тарихынан фотослайдтар көрсетіп, оларға түсініктер берілді.
Мемлекет тарихы институтындағы ғалым Қ. Еңсенов экспедицияның 1999 жылы ұйымдастырылуы туралы айтып берді. Дөңгелек үстел жұмысына қатысқан алматылық ғалымдар Тәттігүл Ерсайынқызы Қартаева, Гүлнар Бестібайқызы Қозғанбаева және Жандос Жұмалбекұлы.