• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

Педагогика және психология» кафедрасының аға оқытушысы Ш.Ш. Абишева мен PhD докторы Н.Б. Серикбаева Абай облысы Семей қаласының №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету

2024-03-26 | Жаңалықтар

26.05.2023 жылы «Педагогика және психология» кафедрасының аға оқытушысы Ш.Ш. Абишева мен PhD докторы Н.Б. Серикбаева Абай облысы Семей қаласының №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және белсенді ұзақ өмір сүру орталығында Шәкәрім шаңырағының Күміс университеті тыңдаушыларына психологиялық тренинг өткізді. Тренинг шеңберінде Күміс университет тыңдаушыларына би терапиясы және жеке тұлғалық тәжірибе трансформациясына бағытталған әдістемелер жүргізілді. Күміс университет тыңдаушылары жеке тұлғалық өзін-өзі дамытуына арналған тренингке белсене қатысып, университет оқытушыларына ризашылықтарын білдіріп, алған әсерлерімен бөлісті. Тренинг жағымды, көңілді аяқталды.

Бөлісу