7М01601-"Тарих" білім беру бағдарламасының магистранты халықаралық семинарға қатысты
24.10.2024 ж. Алматы қаласында Нұр-Мүбәрәк университетінің, «Ғылым ордасы» ШЖҚ Орталық ғылыми кітапханасының, Ислам тарихын, өнерін, мәдениетін зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Қазақстандағы қолжазба қорлар: сақтау және зерттеу» тақырыбында ІІ Халықаралық семинар болып өтті.
Семинарға отандық ғалымдармен қоса, Австрияның, Түркиенің, Өзбекстанның, Қырғызстанның, Ресейдің зерттеушілері қатысты. Жиын барысында өзекті тақырыптар талқыланып, қолжазба мұраны сақтау және оларды зерттеу мәселесі айтылды.
Шәкәрім университетінен «Тарих және археология» ғылыми-зерттеу орталығының кіші ғылыми қызметкері, магистрант Мадияр Насыров онлайн форматта қатысып, «Хафизуддин Кердеридің «Фатауа әл-Базазийа» еңбегінің XV ғ. көшірмесі мен өзгеде қолжазбаларды сақтау мәселесі (Семей қаласы бойынша)» тақырыбын ортаға ұсынды.
Семинар барысында көтерілген мәселелердің ғылыми қауымдастық үшін өзекті болатыны және қолжазба мұраларды сақтау және зерттеу бойынша болашақ бағыттарды айқындауға жағымды ықпал ететіні сөзсіз.