• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді

2024-10-11 | Ғылым

2024 жылы 11 қазанда Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің Тарих кафедрасы Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтымен бірлесіп «XVII ғасырдың екінші жартысы-XVIII ғасырдың ортасындағы Қазақ және Жоңғар хандықтарының қарым-қатынастары» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді.   Конференция «Қазақ-жоңғар қатынастары тарихының жаңа беттері: XVII ғасырдың екінші жартысы – XVIII ғасырдың 50-жж.» AP23488522 ғылыми жобасын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылды.

Конференцияның мақсаты – XVII ғасырдың екінші жартысынан XVIII ғасырдың ортасына дейінгі кезеңдегі қазақ және жоңғар халықтарының қарым-қатынастарының тарихын, Қазақ және Жоңғар хандықтары арасындағы дипломатиялық және саяси байланыстарды талдау.

Коференция жұмысына белгілі ғалымдар қатысты: тарих ғылымдарының докторы, профессор, Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас директоры, ҚР ҰҒА академигі Қабылдинов З. Е.,  тарих ғылымдарының докторы, Ресей Ғылым академиясының Қалмақ ғылыми орталығының жетекші ғылыми қызметкері Тепкеев В. Т., тарих ғылымдарының кандидаты, «Тарих» кафедрасының профессоры Кәрімов М. Қ., тарих ғылымдарының кандидаты, «Тарих» кафедрасының профессоры Исин А. И., тарих ғылымдарының докторы, профессор, Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері Тоқтабай А. У., тарих ғылымдарының кандидаты, Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас директорының қоғаммен байланыс жөніндегі орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты, Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының жетекші ғылыми қызметкері Черниенко Д. А.

Конференция барысында қазақ-жоңғар қатынастарының өзекті мәселелері талқыланды: XVII ғасырдың 50 – ші жылдары және XVIII ғасырдың екінші жартысындағы қазақ-жоңғар қатынастарына қатысты құжаттар мен зерттеулер; Қазақ және Жоңғар хандықтары арасындағы дипломатиялық және саяси өзара байланыстар; қазақ-жоңғар қарсы тұруындағы батырлық институты;  қазақ хандары, сұлтандары және жоңғар билеушілері арасындағы әулеттік неке; жоңғарлардың (қалмақтардың) қазақ қоғамына ену құбылысы; қазақтар мен жоңғарлар арасындағы экономикалық қатынастар; Қазақстан аумағындағы жоңғар (моңғол) топонимиясы.

 

Бөлісу