• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

«Қаржылық сауаттылық» курсы – халықтың қарыз жүктемесін азайтуға бағытталған жоба

2024-10-16 | Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында халықтың қарыз жүктемесі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі екенін атап өтті. Президенттің айтуынша, бұл мәселені шешу үшін жаңа жүйелі шаралар қажет. Алайда ең маңыздысы – азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру.

Осы орайда, Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы университетінің «Бизнес жоғары мектебі» базасында «АМАНАТ» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасын жүзеге асыру аясында университет оқытушыларына арналған «Қаржылық сауаттылық» курсы өз жұмысын бастады.

Жоба туралы:

Курс «Жол картасы» аясында білім беру бастамаларын кеңейту бағытында жүзеге асырылуда. Мақсаты – оқытушыларға қаржылық жоспарлау, қарыздарды тиімді басқару және жеке қаржыны сауатты жүргізу бойынша білім беру.

Тренинг спикерлері:

  • Э.ғ.к. Ибраева А.Қ. – қаржылық сауаттылық бойынша сертификатталған тренер;
  • Э.ғ.к. Хасенова К.Е. – экономика саласындағы жетекші сарапшы;
  • PhD Габдуллина Л.Б. – қаржылық және экономикалық білім берудің тәжірибелі маманы.

Мақсат және маңыздылық:

Бұл бастама азаматтарды қаржылық сауаттылық негіздеріне үйретіп қана қоймай, олардың қарыз жүктемесін төмендетуге көмектесуді көздейді. Университет оқытушылары үшін осындай курстар өткізу – ел азаматтарының экономикалық және әлеуметтік жағдайын жақсартуға қосылған маңызды үлес.

«Қаржылық сауаттылық» курсы болашақта кең ауқымды халықты қамтып, қоғамның қаржылық мәдениетін арттыруға ықпал етеді деп күтілуде.

Бөлісу