«Қазақстан – туған елім, ұлы өлкем» тақырыбындағы кураторлық сағат
2024 жылдың 24 қазанында ЭМ-201 тобының студенттерімен «Қазақстан – туған елім, ұлы өлкем» тақырыбында кураторлық сағат өтті. Іс-шараны 3 курс эдвайзері Шакаримова Г.М. ұйымдастырды.
Мақсаты:
Кураторлық сағаттың басты мақсаты – студенттердің өз Отанын сүюге, туған халқының тілін, мәдениетін және салт-дәстүрін қастерлеуге деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру. Сондай-ақ, 25 қазан – Республика күні, мемлекеттік мерекенің маңыздылығын түсіндіру арқылы студенттерді саналы да парасатты азамат ретінде тәрбиелеу көзделді.
Іс-шараның маңыздылығы:
Кураторлық сағат барысында студенттер Қазақстанның тарихы мен мәдениеті туралы тереңірек ақпарат алып, Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімдерін нығайтуға мүмкіндік алды.
Республика күні – тәуелсіз еліміздің бірлігі мен тұрақтылығының символы болып қала бермек!