
Студенттік парламенттің спикері болып сайлануымен Нұрасыл Елубаевты құттықтаймыз!
2024-11-01 | Құттықтау
Құрметті Нұрасыл Елубаев!
Бизнес жоғары мектебі сізді Студенттік парламенттің спикері болып сайлануыңызбен шын жүректен құттықтайды!
Сіздің бұл жетістігіңіз – табандылығыңыздың, көшбасшылық қабілеттеріңіздің және білімге деген құштарлығыңыздың нәтижесі. Біздің мектебіміз сізбен мақтанады!
Біз сіздің жаңа рөліңізде үлкен жетістіктерге жететініңізге және студенттік өмірге тың идеялар әкелетініңізге сенімдіміз.
Ізгі тілектермен,
Бизнес жоғары мектебі