Шәкәрім университетінің 90 жылдығы мен Ұлттық валюта күніне арналған қаржыгерлер апталығы
2024-11-12 | Жаңалықтар
2024 жылдың 12 қарашасында Шәкәрім университетінің 90 жылдығы мен Ұлттық валюта – теңге күніне орай Бизнес жоғары мектебінде қаржыгерлер апталығы аясында «Болашақ қаржыгерлерінің құзыреттілігін дамытуда «Lifelong Learning»» тақырыбында ашық алаң ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты:
- Білім алушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу, ұлттық валюта – теңгеге және еліміздің экономикалық тәуелсіздігіне мақтаныш сезімін қалыптастыру.
- Университет студенттері мен Шәкәрім атындағы жоғары колледж студенттері арасында өзара тиімді қарым-қатынас орнату.
Қатысушылар:
Іс-шараға Бизнес жоғары мектебі, Шәкәрім жоғары колледжі және Қайта даярлау мектебінің білім алушылары қатысты. Олар университеттің тарихы мен ұлттық валюта теңгенің ерекшеліктерін талқылап, қаржылық қауіпсіздік туралы білімдерін жетілдірді.
Шара барысында:
- «Ұлттық валюта: өткені мен бүгіні» тақырыбында көрме ұйымдастырылды.
- «Қаржылық сауаттылық негіздері» тақырыбында дәріс оқылды.
- Викториналық сұрақтармен жалғасқан қызықты талқылаулар өтті.
Бұл іс-шара қатысушыларға тек білім алып қана қоймай, патриоттық және қаржылық сауаттылық дағдыларын нығайтуға үлкен мүмкіндік берді.
Шәкәрім университетінің 90 жылдығы құтты болсын! Ұлттық валюта күнімен баршамызды құттықтаймыз!