«Халыққа ұлттық валюта» ...
Семей қаласының Шәкәрім атындағы унивеситетінің 90 жылдығына орай ҚР-ның Ұлттық валютасы күніне арналған Ұлттық банктің Абай облысы бойынша филиалының өкілдерінің қатысуымен «Халыққа ұлттық валюта» тақырыбында диалог алаңы өтті!
📅 Диалог алаңы студенттерді, оқытушыларды және ҚР Ұлттық банкінің Абай облысы бойынша өкілдерін жинады.
💡 Іс-шараның мақсаттары:
1️⃣ Азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру.
2️⃣ Ұлттық валюта – теңгені қорғау элементтерімен танысу.
3️⃣ Түлектерді табысты жұмысқа орналастыру үшін университет пен жұмыс берушілер арасында байланыс орнату.
📚 Іс-шара барысында:
📖 Қаржылық басылымдардың кітап көрмесі ұйымдастырылды;
🎤 Сондай-ақ сарапшылардың баяндамалары тыңдалды:
🔹 Сейсебаев Берик Канатович – Ұлттық банктің Абай облысы бойынша филиалы директорының орынбасары.
🔹 Абылгазина Динара Жармухамедовна– Ұлттық банктің Абай облысы бойынша филиалы шоғырландырылған экономика басқармасының басшысы.
🔹 Омаргалиева Евгения Султановна– Ұлттық банктің Абай облысы бойынша филиалы шоғырландырылған экономика басқармасы басшысының орынбасары.
📽 Экономикалық үрдістер мен теңгенің рөлі туралы бейне презентация жасалынды.
Іс-шараның қорытындысын Жоғары бизнес мектебінің деканы Зейнуллина А.Ж. жасап, қатысушыларға алғысын білдірді.
🎓Осындай іс-шараларға қатысу - қаржылық хабардар болу және кәсіби өсу жолындағы маңызды қадам!