
7М01601-«Тарих» білім беру бағдарламасының магистранты - әдеби байқаудың жүлдегері
7М01601-«Тарих» білім беру бағдарламасының магистранты, Насыров Мадияр Газинурович 2024 жылдың 7-9 қараша күндері, Абай облысының Татарстандағы (Қазан) мәдениет күндері аясымен тұспа-тұс келген, XXIV "Иделем акчарлагы" ("Еділімнің шағаласы") жас жазушылардың конкурсы мен әдеби мектебіне қатысты.Татарстан Республикасының Жастар ісі министрлігі, Татар Федералдық Ұлттық Автономиясы, "Еділ" жастар орталығы, Татарстан Жазушылары одағы ұйымдастырған бұл конкурс жас жазушылардың шығармашылығын қолдауға негізделген. Насыров Мадияр "Поэзия" номинациясы бойынша ІІІ орынға ие болды.
Сондай-ақ ол Қазақстан Республикасы атынан қатысқан жалғыз қаламгер болды. Конкурстың қорытындысы Татарстан Республикасының Жастар ісі министрлігі ғимаратында өтті.
Мадиярды жеңісімен құттықтаймыз!