• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

«АТАМЕКЕН» РЕЙТИНГІ

2025-02-09 | Жаңалықтар

«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2024 жылға арналған қазақстандық жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламалары рейтингісінің қорытындысы шығарылды. Рейтинг қорытындысы бойынша 6В01601-«Тарих» білім беру бағдарламасы 26 ББ арасында екінші жыл қатарынан 1 орынға ие болды.
«Атамекен» ҚР ҰКП білім беру бағдарламаларының рейтингі жыл сайын жасалады. Білім беру бағдарламалары бірқатар критерийлер бойынша бағаланады, соның ішінде мұғалімдердің практикалық тәжірибесі мен халықаралық аккредитациясының болуы. Түлектердің жұмысқа орналасу деңгейі, жұмыс іздеу ұзақтығы мен орташа жалақысы, студенттердің жетістіктері, жүзеге асырған стартап жобалары, магистратурада оқуын жалғастырған студенттердің саны есепке алынады.

Бөлісу