
"Музыка мұғалімінің кәсіби қызметінде оқытудың дәстүрлі және инновациялық әдістері" атты республикалық облыстық- практикалық семинар
2025 жылдың 7 ақпанында Шәкәрім атындағы университетте "Музыка мұғалімінің кәсіби қызметінде оқытудың дәстүрлі және инновациялық әдістері" атты республикалық облыстық- практикалық семинар өтті. Семинарға музыка мұғалімдері, "Абай облысының білім басқармасы" ММ Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығының басшылары қатысты. Семинар аясында "Өнер" кафедрасының оқытушылары вокалды орындау бағыты бойынша шеберлік сыныптарын өткізді. Онлайн білім беру жұмысы, музыкалық білім беру саласындағы авторлық бағдарламалар мәселелері бойынша баяндамалар жасалды, педагогтар қатысушыларды кафедра жұмысының негізгі бағыттары туралы хабардар етті, Абай атындағы ҚазҰПУ-да Республикалық лицензия алған "Музыкалық білім беру" пилоттық білім беру бағдарламасы туралы айтты.
Барлық қойылымдардың қорытындысы бойынша қатысушылар пікір алмасып, Музыкалық білім беру жүйесін дамытуда маңызды аспектілерді атап өтті.