• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

«Сенің Сәтің» атты Республикалық Студенттер форумы

2023-03-03 | Жаңалықтар

2023 жылдың 03-04 наурызынан аралығында Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің қатысуымен "Сенің сәтің" Республикалық студенттік форумы өтті.

Осы форумға «Тарихшылар керуенінің» белсенді көшбасшылары, 6В01601- Тарих мамандығының студенттері Мерей Сырымұлы мен Султан Бейбарыс Нуртөлеуов қатысты. 

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі қолдау көрсеткен форумға басқа облыстан арнайы шақыртылған жоғары оқу орындарының студенттері, профессор – оқытушылар құрамы мен БАҚ өкілдері қатысты.  Форумның мақсаты – еліміздегі жастардың ынтымағын арттырып, олардың бойында ұлттық құндылықтар мен жаңаша ойлау дағдыларын қалыптастырып, университет жастары арасында достық қарым-қатынас орнату. 

Бөлісу