• logo
  • shakarim
    u n i v e r s i t y
news

ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА

2020-03-02 | Құттықтау

Университет командасы республикалық пәндік олимпиадада 3-орынға ие болды.

“Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі” мамандығының студенттері Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде өткен “ХХІ ғасыр педагогикасындағы Абай мұрасы” атты Республикалық пәндік олимпиадаға қатысып қайтты.

Команда құрамында педагогика оқу кафедрасының профессорлары Мейрамгүл Джанбубекова, Нағима Серікова және 2-3 курс студенттері Мадина Нұрлыбаева мен Еркежан Төлеутаева, Ақбота Аманғазы болды.

Олимпиада барысында студенттер Абайдың педагогикалық мұрасын жақсы білетіндігін, рухани – адамгершілік тәрбие беру саласында практикалық білімдерін көрсетіп, үздіктер қатарынан көрінді.

Бөлісу