🔹Ветеринария ғылымдарының докторы профессор С.Т.Дүйсенбаев атындағы ғылыми мектеп аясында Абай және Шығыс Қазақстан облыстарының ветеринария мамандығы бойынша колледждер арасында студенттік пәндік олимпиада болып өтті.
🔹Олимпиада профессор С.Т. Дүйсенбаевтың алғы сөзімен бастау алды.Төрт кезеңге созылған сайыс тартысты өтті. Жас білім алушылар өздерінің тәжірибесі мен білімін қатар көрсетті.
🔹Олимпиада мәресіне жеткен үздік студенттер келесідей нәтиже көрсетті:
1 орын Дайырханова А.Г. 1 орын Бақытбекқызы А. 2 орын Оразғалиева Б.Б. 2 орын Жеңіс А 2 орын Уалиханова И.У. 3 орын Толеуханов Э 3 орын Өмірзақов М 3 Ерболова Ж
Аталған студенттер дипломмен және естелік кәде сыйлармен марапатталды.
🔹Алғашқы мәрте өткізіліп тұрған колледжаралық пән олимпиадасында өз білімін көрсеткен “Шәкәрім жоғары колледжіне”, “Қазтұтынуодағы агробизнес және экономика колледжіне”, “Абай колледжі “ КММ студенттеріне және шәкірт тәрбиелеп отырған жетекшілеріне алғыс білдіреміз!